Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

2026 жылдың 17 ақпаны күні қаламыздағы Ә. Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып түлектеріне Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушылары кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізді.
Кәсіптік-бағдар жұмысының негізгі мақсаты-мектеп түлектерін 2026-2027 оқу жылына талапкерлерді колледжге оқуға шақыру, қалаған мамандықтарын саналы таңдауға бағыт-бағдар беру.
Насихатты колледж оқытушылары Аубакирова Толкын Утешовна, Байбосын Кызгалдак Кызыряновна, Махатов Еркебулан Сергалиевич ұйымдастырды. Түлектерге оқытушылар колледждің тарихымен, мамандықтар туралы толық ақпарат беріп, қабылдау комиссиясының кестесімен таныстырып, үлестірмелі қағаздар таратты.