Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

 Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1курс МД-11, МД-12 және Муз-1 топтарының білім алушылары қаламыздағы Мәдениет сарайының күрделі жөндеуден өткен жаңа ғимаратына  экскурсияға барды.

Экскурсияның негізгі мақсаты-әлеуметтік серіктесімізбен әріптестік қарым-қатынасымызды нығайту, колледж білім алушыларын үйірме, секцияларға тарту.

Экскурсия барысында білім алушылар мәдениет сарайының жұмыс барысымен және үйірмелердің атқаратын қызметімен танысты. Үйірме жетекшілері өз үйірмелері, секциялары туралы кеңінен мәлімет берді. Экскурсияға қатысушылар шарадан үлкен әсер алды, білім алушыларға жетекшілік еткен колледж оқытушылары,  топ жетекшілері  Насрединова Акжаркын Есеметовна, Хасенова Зайгул Рашитовна, Шакиржанова Жанна Маратовналар ұйымдастырды. Колледждің білім алушылары Мәдениет сарайының үйірме, секцияларына жазылды.