2026 жылдың 27 қаңтарында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде тәжірибе мен ізденіс, дәстүр мен жаңашылдық тоғысқан «Бүгінгі мұғалім – білім мен рухтың иесі» тақырыбында ашық форматта мазмұнды алаң өткізілді.
Алаңның негізгі мақсаты- қаламыздағы әлеуметтік серіктестерімізбен қарым-қатынасымызды нығайту, тәжірибе алмасу.
Алаң 3 кезеңнен тұрды:
- Жасанды интеллект- заманауи білім берудегі жаңа мүмкіндік
- Инновациялық оқыту- табысты нәтижеге бастар жол
- Дәстүрлі әдіс- сапалы білімнің өзегі
Әр бөлімде білім алушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, дәстүр мен жаңашылдықтың өзара сабақтастығын дәлелдеді.
Алаңға әлеуметтік серіктестеріміз, білімді, жаңашыл, ізденімпаз әрі жауапкершілігі жоғары ұстаздарымыз қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі - Мұсаева Жадыра Рахманбердіқызы мен Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ешмағалиева Аруна «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-3 курс БМ-21, БМ-32 топтарының білім алушыларына жасанды интеллект, инновациялық оқыту, дәстүрлі оқытудың әдіс-тәсілдері туралы өз ойларымен бөлісті.
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының БМ-21, БМ-32 топтарының білім алушылары келген қонақтарға «Тұлғаны таны», «Танымды ойын»,
«ЕҢ, ЕҢ, ЕҢ ... Жылы құшақ» ойындарын ойнатып, келген қонақтарға іс-шараны ұйымдастырған тәжірибе әдіскері Ақылбекова Луиза Бекетқызы мен БМ-21, БМ-32 топтарының білім алушылары – бұл тек іс-шара емес, біз үшін- тәжірибе мен үлгіге толы, білім мен рухты терең сезінуге мүмкіндік беретін үлкен мектеп болды деп алғыстарын білдірді.
https://tgkark.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/leumettik-seriktester/2139-b-gingi-m-alim-bilim-men-rukhty-iesi.html#sigFreeId4f0d6fcb9f














