Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Үздік студенттерді марапаттауға арналған салтанатты рәсім Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің базасында өтті.
Бұл ауқымды жоба дарынды жастарды қолдауға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) жүйесінде білім алып жүрген, өздерінің білімі, еңбегі мен табандылығының арқасында биік жетістіктерге жеткен студенттердің жетістіктерін насихаттауға бағытталған.
Байқау студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Байқаудың алғашқы кезеңіне Қостанай облысының түкпір-түкпірінен 232 студент қатысқан. Колледжішілік іріктеуден кейін өңірлік кезеңге 26 оқу орнынан ең үздік 51 үміткер өтті. Еліміздің үздік жүз студентінің қатарына ену құқығына ие болу үшін қатысушылар өздерінің кәсіби жетістіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен белсенді азаматтық ұстанымын танытатын жан-жақты презентациялар, мотивациялық хаттар және бейнероликтер дайындап,өңірлік кезеңге жолдады. Сарапшылар комиссиясының шешімімен Қостанай облысының республикалық финалдық кезеңде өңір намысын қорғайтын үздік 10 студенті анықталды:
Олар:
• Виктория Рагимова — Жітіқара политехникалық колледжі;
• Мұқасан Еріков — Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі;
• Юлия Барсова — Қостанай жоғары педагогикалық колледжі;
• Гүлназ Мұсаева — Қостанай жоғары педагогикалық колледжі;
• Антон Тарабанов — Қостанай политехникалық жоғары колледжі;
• Карина Дощанова — Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі;
• Варвара Якубович — Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі;
• Дильназ Жолдабай — Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі;
• Асыл Бекбай — Қостанай гуманитарлық колледжі;
• Дана Ибраева — Қостанай гуманитарлық колледжі.
Бұл тізімдегі әрбір есімнің артында үлкен жетістікке толы өмір жолы мен таңдаған мамандығына деген шынайы сүйіспеншілік жатыр.
Жеңімпаздардың бірі біздің студентіміз — Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1-курсын тәмәмдаған Жолдыбай Дильназ өз мамандығы жайлы былай дейді:
– Бұл мамандықты балаларды жақсы көргендіктен таңдадым. Бала кезімнен көп балалы отбасына қызығатынмын әсіресе өзімнен кішкентайлармен тәрбие жұмысымен айналысқан ұнайтын. Болашақта өз мамандығымның фонаты болуыма осы сүйіспеншілігім бастау болды деп ойлаймын – дейді Дильназ.
Жақсы оқумен қатар, Дильназ Жайдарманның «Үздік ойыншысы» ретінде қаламызға танымал, колледж қоғамдық өміріне де белсенді араласады. Би тобымен, би қойылымдары да бар. Биыл ол колледж «Жайдарман» үйірмесінің президенті болып сайланды.
Осындай жан-жақты, мақсаты нық, әрі еңбекқор жастар ескі көзқарастарды өзгертіп, жұмысшы мамандығының беделді, заманауи және болашағы зор кәсіп екенін өз үлгісімен дәлелдейді деп сенеміз! Жарайсың, Дильназ! Біз сенімен мақтанамыз!