Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі оқытушылары Аубакирова Толкын Утешовна мен Махатов Еркебулан Сергалиевич қаламызға қарасты Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп 9–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар жайлы кеңінен ақпарат беріліп, оқу орнына қабылдау ережелері мен қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі түсіндірілді.
Аталған шара түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.