Еліміздің болашағы-жастар. Осындай жастарға болашақтағы мамандықтарын қателеспей, оны өзінің жүрек қалауымен таңдауға жол көрсетіп, дұрыс бағыт беру мақсатында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушылары 2026 жылдың 17 ақпаны күні қаламыздағы № 8 мектептің 9-11 сынып түлектеріне үгіт-насихат жұмыстарына барды. Түлектерге колледж тарихы, тыныс-тіршілігі, мамандықтар, жасалынып жатқан игі істердің топтамасы, тапсыратын құжаттар т.б. жұмыстар жайлы таныстырылды. Мамандық таңдау-адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Сондықтан, түлектерді нарық сұранысына сай мамандыққа түсуге шақырамыз! Үгіт-насихат жұмыстарын Нургалиева Гулмахаббат Абдигалимовна, Досжанова Лаззат Чапаевна, Кабылдина Акмарал Тургынбековна, Шакиржанова Жанна Маратовналар ұйымдастырды.
https://tgkark.edu.kz/kz/news-kz/2156-git-nasikhat-zh-mystary-23.html#sigFreeId8b25ee2d67














