"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы жүзеге асыру бойынша, Арқалық қаласы полиция басқармасымен бірлескен жоспарға сәйкес колледжде "Өркениет" дебат клубының белсенділерінің ұйымдастыруымен «Зорлық зомбылықсыз Қазақстан»тақырыбында пікірталас турнирі өткізілді. Турнирдің басты мақсаты: қоғамда орын алып отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы халықты ақпараттандыру. Құқықбұзушылықтың алдын алу әрекеттерінен хабардар ету. Дебат турнирі алаңында фракциялар өз ойларын ашық ортаға салып пікірталасты. Жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Турнирдің үздік фракциялары 1 орын БМ 13, 2 орын БМ-12, үздік спикерлер: Сагимбаева Тоймереке БМ-13 тобы, Әбдіғалық Назгүл марапатталды.














