Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі әлеуметтік серктестер арасындағы қарым қатынасты нығайту мақсатында «Біз біргеміз, берік іргеміз!» әлеуметтік серіктестермен логикалық қимыл қозғалыс спорттық ойындар эстафетасы ұйымдастырылып өткізілді. Жарысқа 6 команда қатысты. Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі, №7 жалпы білім беретін мектебі, №3 Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі және Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі командалары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 1 орын Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі, 2 орын Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, 3 орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар жүлдегер медальдары және дипломдар табысталды. Жарысты ұйымдастырушы: "Дене тәрбиесі және спорт" ПӘК оқытушылары. ПӘК жетекшісі Нугманов Сағдат Маликович.














